ҰБТ: Сырдария ауданының түлегі 137 балл жинады
Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден 137 балл жинады.
Биылғы ҰБТ жылдағыдан өзгеше форматта өткізілуде. Түлектер сынаққа 2 мәрте қатысып, бақтарын сынай алады.
Тестілеуде сырдариялық жас түлек Жалғас Айдана Нұрланқызы 137 бал жинап, үздіктер қатарынан көрінді. Айдана Жалғас №44 орта мектептің «Алтын белгіге» үміткер оқушысы. Арманы асқақ, білімге құштар түлегіміз тынымсыз дайындықтың арқасында, ата-ана, мектеп ұстаздарының мерейін асқақтатып, берген білімін дәлелдеді.