Біржолғы зейнетақы төлемін алу құқығын 287 мыңнан аса қазақстандық пайдаланды
Kyzylorda-news.kz. 20 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 280 709 өтінішін орындады.
Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,3 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 4,7 млн теңгеден аса соманы құрады.
Орындалған өтініштердің ең көбі Маңғыстау облысының (16,9%), Алматы қаласының (16,5%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,1%) тұрғындары тарапынан жолданған. Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ болып табылады.
Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 132,5 млрд теңгеден астам сома қайтарылды, себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.
Бұған қоса, БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 8152 өтініш келіп түсті, оның ішінде 5,1 млрд теңгеге жуық сомаға 5295 өтініш орындалды, орташа сомасы шамамен 1 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар салымшылардың БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 1,2 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.