Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Сол жағалаудан 12 қабатты тұрғын үй салынады

Қызылорда: Сол жағалаудан 12 қабатты тұрғын үй салынады

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласының сол жағалауын дамыту жобасын жүзеге асыру бойынша облыстық штабтың алғашқы отырысын өткізді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі және басқарма басшылары мен салалық мекеме басшылары қатысты.

Аймақ басшысы перспективалық жобаның маңыздылығын ескере келе, осы кезге дейін сол жағалауда іске асқан жұмыстарды саралап өтіп, алдағы кезеңде атқарылуға тиіс міндеттерді айқындап берді.

Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Осыған дейін жеке инвесторлардың қаражаты мен мемлекет бюджеті есебінен 53 көпқабатты тұрғын үй, бірқатар әлеуметтік нысандар, көше-жол торабы, сыртқы және ішкі инженерлік инфрақұрылымдар, екі көпірдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Ал, алдағы кезеңде бірқатар әлеуметтік нысандар мен 9-12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Жиында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов соңғы 4 жылда орындалған жұмыстарды тізбелеп, сол жағалаудан бой көтеретін жаңа нысандардың негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.

Биыл республикалық бюджет есебінен 590 пәтерді құрайтын 12 арендалық тұрғын үй пайдалануға беру көзделген. Бұл үшін тұрғын үйлер мен инженерлік желілерінің және абаттандыру жұмыстарына қаржы толығымен қаралған. Мұнан бөлек, алдағы уақытта 9 және 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын салу жоспарда бар.

Алдағы жылы сол жағалаудан көгалдағы хоккей, физика-математикалық бағыттағы жаңа мектеп, көпсалалы аурухана, облыстық қан орталығы, әкімшілік ғимараттар салынбақ. Сонымен бірге салтанат сарайы мен әлеуметтік базардың құрылысын салу көзделіп отыр.

Сол жағалаудан бой көтеретін жаңа «Гүл бульварлары» жобасы да қала көркіне сән қосады. Мұнда әртүрлі сәулет фигуралары, жасыл желектер мен гүл композицияларын отырғызу, балалар және ойын алаңдарын, субұрқақтар мен су айдындары қамтылады.

Отырыста облыс әкімі сол жағалауда жоспарланған әрбір нысанның инженерлік инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілуі және жол сапасын қадағалауға жете мән беру керектігін қаперге салып, сала басшыларына бірнеше тапсырмалар жүктеді.Штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сол жағалаудағы әрбір нысанның құрылысы, инженерлік-инфрақұрылымы, абаттандырылуы облыстық штабпен жан-жақты талқыланып, келісілуі қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, қала әкімі Ғанибек Қазантаевқа «Гүл бульвары» құрылысының жоба-сметалық құжаттамаларын жыл соңына дейін әзірлеп, құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырды. Ал, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетовке құрылыс нысандарына мониторинг жүрігізіп, бақылауға алып, тоқсанына бір рет баяндауды жүктеді.

Аймақ басшысы жиында айтылған барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауды орынбасары Серік Сүлейменовке тапсырды.
03 маусым 2021 ж. 262 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области