Қызылордада қару иелері қайта емтихан тапсыратын болады
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы 4899 қару иелері тексеріліп, 117 құқық бұзушылық анықталған.
Заңсыз айналымнан 26 дана қару тәркіленсе, олардың 7-і Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қару-жарақтарды сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша, 19-ы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабына (қаруды заңсыз иемдену) сәйкес тәркіленген.
Сонымен қатар, шара барысында қару сақтау ережесін бұзған 75 азаматқа, қару тасымалдау және тіркеу ережелерін бұзған 98 азаматқа әкімшілік шаралар көріліп, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 53-1 бабына сәйкес қару иелері қайта емтихан тапсыруға жіберілді.