Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "ҚАЗГИДРОМЕТ" АУА РАЙЫН ЖАҢА ЖҮЙЕМЕН БОЛЖАЙДЫ

"ҚАЗГИДРОМЕТ" АУА РАЙЫН ЖАҢА ЖҮЙЕМЕН БОЛЖАЙДЫ


    ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады, деп хабарлайды BNews.kz PrimeMinistr.kz-сілтеме жасап.
    Қ.Бозымбаев жедел гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін "Қазгидромет" РМК 310 гидрологиялық бекетті, 339 метеорологиялық станциялар мен бекетті, сондай-ақ екі қар көшкіні станциясын қамтитын мемлекеттік бақылау желісінде бақылау жүргізетінін айтып өтті. Су объектілерінде шұғыл өзгеріс туындаған жағдайда барлық гидрологиялық бекеттер әр төрт сағат сайынғы жиілетілген бақылауға ауысады.
    Бұдан өзге, апатты гидрологиялық құбылыстар туындаған жағдайларда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне, ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне және жергілікті атқарушы органдарға ескертуді жеткізу схемасы жұмыс істейді. Үлкен, болжамдардың есептерінде есепке алынбаған қар қоры бар жыралардағы ылғалдылық қорын анықтау үшін "Қазгидромет" филиалдары және аймақтық төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесіп негізгі жазық өзендердің барлық алаптарында қар-батпақта жүргішпен экспедициялық маршруттық айналымдар жүргізіледі.
    "Қазгидрометтің" су тасқыны кезеңіндегі негізгі гидрологиялық болжамдары мүдделі мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктеріне 2018 жылдың 1 наурызынан бастап апта сайын әр үш күн сайынғы нақтылаумен жеті күн алдын ала ұсынылатын болады", - деп хабарлады Қ.Бозымбаев.
    Мұнан соң ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Қ.Бозымбаевқа жергілікті органдардың су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша бірқатар қажетті шараларды қабылдамауына себеп болуы мүмкін Қазгидромет болжамдарының уақыттылылығын қамтамасыз ету бойынша сұрақ қойды.
    "Болжам жасау жүйесі өзгерді. Егер бұрын үш ай алға гидрологиялық болжам жасасақ, енді 1 наурыздан бастап жаңа жүйе – жеті күндік алдын ала болжамға көшеміз. Оның ықтималдығы 90%-дан асады. Әр үш күн сайын түзету жасалады. Яғни барлық мемлекеттік органдар климаттық және басқа да өзгерістер туралы ақпаратты үлкен ықтималдылықпен алып отырады", - деп жауап берді Қанат Бозымбаев.

22 ақпан 2018 ж. 568 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области