Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды», – деп жазды Уәли.

Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.

Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.
01 шілде 2021 ж. 145 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области