Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАМА

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАМА


    Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №278 орта мектеп базасында «Жаңартылған  білім  мазмұны-жаңашылдыққа  бастама» тақырыбында қалалық  семинар  өтті.
    Семинар  барысында  жаңартылған  білім мазмұнына  сәйкес 2-5-7  сыныптарда қазақ тілі, ағылшын тілі, математика сабақтары және физика, математика, информатика пәндерінде  ағылшын  тілін  кіріктірілген сабақтар  көрсетілді.
    Сонымен  қатар,  мектеп  тренері Орал Тыманбаева «Латын  әліпбиіне  көшу – рухани  жаңғырудың  басты негізі» тақырыбында тренинг  өткізді.  Онда әліпбидің  шығу тарихына тоқталып, жаңа әліпбидің ерекшеліктерін айтып өтті. Сонымен қатар, елімізге тигізер пайдасын түсіндіріп, қатысушы мұғалімдерге практикалық жұмыстар жүргізді. Мұнан соң мектеп тренері Айда Бисенова «Рухани жаңғыру және білім – болашаққа нық қадам» тақырыбында коучинг өткізді.
    Жиында Елбасының биылғы Жолдауы жан-жақты талданып, бір-бірімен пікірлер алмасты. ТЕDх форматындағы өткізілген семинардың қорытындысында мектеп мұғалімдері, педагогикалық шеберлік орталығының тренері Бауыржан Ділманов және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушысы Қарлығаш Есекеева, сондай-ақ, қалалық білім бөлімінің әліскері Гүлнұр Жылқайдарова семинардың жаңаша форматта  өткізілгенін жеткізді. Соңында өздерінің  түйгенді ойларын айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

22 ақпан 2018 ж. 1 291 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области