Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бастамасы жоқ, немқұрайды мемқызметкерлер бізге керек емес – Мемлекет басшысы

Бастамасы жоқ, немқұрайды мемқызметкерлер бізге керек емес – Мемлекет басшысы

Kyzylorda-news.kz. Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратқа жұмылып жұмыс істеуді тапсырды.

«Мемлекеттік қызметшілер осынау еліміз үшін күрделі сәтте жұмылып жұмыс істеу керек. Сіздерге бастамалар көтеріп, қажет кезінде шұғыл шешім қабылдай алатын қабілет таныту керек. Бастама айтпайтын, немқұрайды шенеуніктер бізге керек емес», – деді мемлекет басшысы.

Президент құқық қорғау органдарына жемқорлықпен күресте оьбективті болудың маңызы зор екенін баса айтты.

«Құқық қорғау органдары мемлекеттік аппараттың жұмысынан сыбайлас жемқорлықты анықтау кезінде қырағылық, жеделдік, обьективтілік танытуы керек. Шын кінәлілерді заң бойынша жазалау қажет. Мемлекеттік сатып алуларға ерекше назар аударған жөн. Бұл сала әлі де болса ашық болмай тұр. Жол және басқа да құрылыс түрлерінде лауазымды теріс пайдалану мәселесіне, әсіресе, ірі және орта инфрақұрылымдық жобаларға осындай назар аудару керек. Бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі, бірізді күрес біздің иызғымайтын басым бағытым болып қалуі керек. Мемлекеттік аппарат жинақы болуы керек және нәтижеге бағдарланған болуы қажет», – деді қасым-Жомарт Тоқаев.

10 шілде 2021 ж. 84 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области