«Ауыл ел – бесігі»: Елді мекендердің 64 көшесіне жөндеу жұмыстары жүруде

«Бүгінде «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердің 64 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Бұған қоса, Қазалы қаласындағы 10 көшені қайта жаңғыртуға 735,6 млн. теңге бөлінді. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 774,3 млн. теңге бөлініп, шаһардың сол жағалауын дамыту мақсатында үш жоба жүзеге асырылуда. Жол жөндеу жұмыстары арнайы авторлық және техникалық қадағалаушы мамандармен күнделікті бақылауда болады. Сонымен қатар, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» кәсіпорнымен жол құрылысына қолданылатын материалдарды алдын ала зертханалық тексеруден өткізу, жол жөндеу жұмыстары барысында асфальттың сапасына сараптама жүргізу қызметтерін көрсету ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға көрсеткен қызметі үшін «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» кәсіпорнына 94,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, келісім-шартқа отырды», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Сондай-ақ, тамыз айында сол жағалаудағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай орналасқан магистралды көше құрылысы аяқталып, халық игілігіне беру жоспарлануда.