Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру екенін айтты.

«Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды», – деді президент коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.

Айтуынша, вирусқа қарсы күресте аға буын, бірақ ең жаманы балалар зардап шегіп жатыр.

«Бұл қауіптен өзіңді және жақындарыңды қорғаудың жалғыз жолы – вакциналау. Әлемдік медицина әзірге басқа әдіс ұсынған жоқ, жақын келешекте де ұсынуы екіталай.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс», – деді Тоқаев.

Ол үкіметке кеңесте көтерілген мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Қабылданған шаралар туралы бір ай ішінде баяндауды сұрады.
19 шілде 2021 ж. 140 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области