Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданындағы 39 елді мекенге ауыз су жүйесі тартылған

Арал ауданындағы 39 елді мекенге ауыз су жүйесі тартылған

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында 50 елді мекен бар. Осы елді мекендердің 39-ы яғни 78%-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылса, 10 елді мекен орталықтандырылмаған көздер (скважиналар) және 1 елді мекен тасымал арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов мәлімдеді.

Осы жылдың мамыр айында бастау алған Аққұлақ елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және ескі су айдау стансасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

«Бұдан бөлек Ақбасты, «Абай-Тоқабай» елді мекендерін ауыз су жүйесіне қосу үшін Су ресурстар комитетімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып «Сапа Құрылыс» мекемесі жеңімпаз болып анықталды. Бастапқы бөлінген қаржы 100 млн. теңге. Техникалық қадағалаушы анықталуда», – деді аудан басшысы Серік Сағитжанұлы.

Сонымен бірге, Арал қаласының №5 шағын ауданының су құбыры желісінің құрылысына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал, 2020 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Көктем елді мекенін ауыз суға қосу бағытында тиісті орындарға бюджеттік өтінім тапсырылды.
22 шілде 2021 ж. 293 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области