Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қар жауып, рекордтық аяз тіркелді

Қар жауып, рекордтық аяз тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Оңтүстікте қар жауды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оңтүстік Африканың орталық бөлігіндегі ауа температурасы тарихта болмаған рекордты жаңартып, минус он градусқа дейін төмендеді.

25 шілде, жексенбі күні Оңтүстік Африка республикасының бірнеше қалаларында қар жауып, көктайғаққа байланысты жолдар жабылды.

Ал бір күн бұрын Оңтүстік Африканың 19 аймағында бұрын-соңды болмаған ең төменгі температура тіркелді. Елдің орталық бөлігінде орналасқан Кимберли қаласында және оған іргелес аудандарда метеорологиялық бақылаулардың барлық кезеңінде алғаш рет ауа температурасы минус 9,9 градусқа дейін төмендеді.

Ал Йоханнесбургте жеті градус аяз тіркелді. Бұл 1995 жылдың 19 шілдесінде тіркелген алдыңғы рекордтан минус 6,3 градусқа суық. Синоптиктердің болжамынша, төмен температура Оңтүстік Африкада тағы бір аптаға созылады.

SAW Оңтүстік Африка метеорологиялық қызметінің синоптигі Лулама Темат қардың жаууына Оңтүстік Атлантикадан суық ауаның қозғалуы себеп болғанын айтты. Бұл мұздату деңгейінің құрлыққа жетуіне әкеліп, жауған жаңбыр қарға айналды.
26 шілде 2021 ж. 147 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области