Токио-2020: Бүгін жарыс алаңына Қамшыбек Қоңқабаев шығады
Kyzylorda-news.kz. Токио төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар спорттың төрт түрі бойынша сайысқа түседі.
Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең.
Ертең қазақстандықтар өнер көрсететін спорт түрлері мынадай:
08:30 Су добы. Ерлер
Алдын ала іріктеу раунды. Қазақстан — Испания
12:00 Теннис. Әйелдер. Жеке разряд, Жартылай финал.
Елена Рыбакина — Белинда Бенчич (Швейцария)
14:15 Бокс. Ерлер
75 кг. 1/8 финал. Әбілхан Аманқұл — Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)
14:18 Садақ ату. Ерлер
1/32 финал. Ильфат Абдуллин — Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания)
15:51 Бокс. Ерлер.
+91 кг. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев — Юсри Резк Мұстафа Хафез (Египет).