Болат Өтемұратов қоры есебінен 506 отбасына бидай жемі жеткізілді
Kyzylorda-news.kz. Биылғы өңіріміздегі қуаңшылық жағдайына орай белгілі қоғам қайраткері, меценат, жерлесіміз Болат Өтемұратов қорынан арнайы Арал ауданы үшін 213 млн теңге қаржы бөлінген болатын.
Бүгін осы қордың қаржысы есебінен ауданымызға жеткізілген 3565 қап бидай жемі 506 отбасыға толықтай таратылып берілді. Нақтырақ айтсақ, Қамыстыбас елді мекеніндегі 196 отбасыға 980 қап, Аманөткел ауылындағы 40 отбасыға 400 қап, Бөген ауылындағы 90 отбасыға 485 қап және Сексеуіл кентіндегі 180 отбасыға 1700 қап бидай жемі үлестірілді.
Елге жасалып жатқан үлкен көмекке, зор жанашырлықпен жасалған жомарттыққа аудан жұрты тегіс риясыз алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.