Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалым Баймырзаев: 2850 сайлаушы өз таңдауын жасады

Ғалым Баймырзаев: 2850 сайлаушы өз таңдауын жасады

Kyzylorda-news.kz. Демократиялық үрдістің бастауы болған ауыл әкімдерінің сайлау науқаны аяқталды. Сыр еліндегі саяси науқанның өту барысы мен дауыс берушілердің белсенділігі туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев баспасөз брифингте баяндады.

1 тамыз күні екі бірдей ауыл әкімі сайланады. Сайлау Арал ауданының Аққұм ауылдық округі мен Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округінде өтті. Дауыс беру барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес жүргізілді, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.

Брифингте облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Ғалым Баймырзаев сайлау қорытындыларын таныстырды.

«Сайлау барлық талаптарға сай өткізілді. Қорытынды ақпарат бойынша 2850 адам өз таңдауын жасады. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 80,8% алды. Оның ішінде, Арал ауданында, Аққұм ауылдық округінде – 72,3 %. Шиелі ауданында, Талаптан ауылдық округінде – 85,7 %», – деді Ғалым Баймырзаев.

Еске сала кетейік, 25 шілде күні өткен сайлауға қатысу үшін барлығы 151 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 131-сі немесе 86,8%-і тіркеуден өтті. Сайлау бюллетеніне 122 кандидат енгізілді. Саяси партиялардан 35 адам ұсынылды. Оның ішінде «Nur Otan», «Ауыл», «ADAL», Қазақстан халық партиялары бар. Сондай-ақ, өзін-өзі ұсыну бойынша – 5 адам.

Өткен аптада сайланған 40 әкімнің 10-ы мемлекеттік қызметшілер, 22 – нақты ауылдық округте қайта сайланған жұмысі степ жүрген әкімдер, 5 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 3-уақытша жұмыс істемейтін азаматтар. Сайланған 40 әкімнің арасында бір әйел азаматша бар.
02 тамыз 2021 ж. 145 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области