Covid-19: Қызылордада 94 науқас жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр

«Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты ахуал күн өткен сайын күрделеніп бара жатыр. Бұл індет біздің өңірімізде де өршіп тұр. Сақтыққа салғырт қарағанның нәтижесінде көптеген азаматтар кеселді дерттің тырнағына ілігіп, аурумен алысып жатыр. Індет басталғалы бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 12 362 науқас тіркелді», – дейді Жангелді Шайымбетов.
Айта кетейік, өткен тәулікте 228 жағдай тіркелді. Бұл өте көп тіркелім болып отыр. Анықталған жағдайдың көбісі жаңа ошақтан анықталды.
Облыс бойынша инфекциялық стационарда 1314 науқас, реанимациялық төсек-орында 94 науқас ем қабылдап жатыр. Тіркелім көбейген тұста инфекциялық төсек-орындар санын көбейтіп, дер кезінде тиісті ем шаралар жүргізіліп келеді.