Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұхтар Оразбаев: Тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуы керек

Мұхтар Оразбаев: Тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуы керек

Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімдері қатысты. Аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделігіне байланысты жиынға ауылдық округ әкімдері бейнебайланыс арқылы онлайн қосылды.

Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Әбубәкірұлы орындаушылық тәртіп жағдайына жүргізілген талдау нәтижелерімен таныстырып, кіріс-шығыс құжаттары, арыз-шағыммен жұмыс жасау, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, ең тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жағдайы және заң нормаларының орындалуы туралы жан-жақты айтып берді.

«Барлық тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуы керек. Талдау жүргізіңіз. Егер объективті себептер болса, оларды жою қажет, ал егер мемлекеттік органдардың салғырттығынан мерзімдері кешіктірілсе, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастырыңыз», – деген Мұхтар Әуесұлы аудан әкімі аппаратының басшысына тапсырма берді.

Жиын соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мемлекеттік органдардың орындаушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді тапсырды.
11 тамыз 2021 ж. 146 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области