Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Антициклон жотасының ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысында найзағай күтіледі, таулы аудандарда және батысында жел 15-20 м/с күшейеді, батысында шаңды дауыл болады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында, күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі туындайды.
23 тамыз 2021 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области