Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Токио Паралимпиадасы: Қазақстандық спортшылардың ойын көрсету кестесі жарияланды

Токио Паралимпиадасы: Қазақстандық спортшылардың ойын көрсету кестесі жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан VI Паралимпиадада 26 тамызда екі қазақстандық спортшы сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін парапауэрлифтингтен жарыстар басталады. Онда екі қазақстандық ел намысын қорғайды.

Қазақстандық спортшылардың ойын көрсету кестесі (елорда уақытымен):

Парапауэрлифтинг. Әйелдер. 45 келі. 13.30 – Алина Солодухина

Парапауэрлифтинг. Ерлер. 54 келі. 15.30 – Давид Дегтярев

Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өткізіледі. Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі.

Қазақстандық спортшылар 1996 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып келеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан екі спортшы жүлдеге қол жеткізді. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Зульфия Габидуллина еркін әдіспен 100 метрге суға жүзуден чемпион атанды.

Сол жолы тағы бір қазақстандық Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіде күміс жүлдегер атанды.
26 тамыз 2021 ж. 201 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области