Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының әкімі ақпаратты өңдеу орталығының ашылу рәсіміне қатысты

Қызылорда облысының әкімі ақпаратты өңдеу орталығының ашылу рәсіміне қатысты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Транстелеком» АҚ «Қызылордатранстелеком» филиалының ақпаратты жинау және сақтау бойынша орталығының (Data center) ашылу рәсіміне қатысып, жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы шараға қатысушыларды келе жатқан Конституция күнімен құттықтап, ҚР Тәуелсіздігі 30 жылдығы қарсаңында заманауи ақпараттық орталығы пайдалануға берілуінің маңызы зор екенін атап өтті.

«Ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған шақта кез келген мемлекеттің тұрақтылығы экономикасына және цифрлық дамуына байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Цифрландыру – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Қазір адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс. Деректермен жұмыс істеуді жаңа деңгейге көтеру керек. Мәліметтер базасының бірыңғай жүйесімен қамтамасыз ету және оны әрі қарай дамыту – Үкіметтің басты міндетінің бірі» деп осы саладағы нақты бағытты айқындап берген болатын», – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекеттік әріптестік аясында бұл орталық әкімшілік нысандары деректерінің үздіксіз жұмыс жасауына зор ықпалын тигізетінін, бизнес өкілдері үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылатынын жеткізді.

Өз кезегінде «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Елнар Адайбеков аймақ басшысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, орталықтың мүмкіндіктері мен инфрақұрылымын таныстырды. Орталықты пайдалануға беру арқылы аймақта икемді ІТ–инфрақұрылымдарды құру бойынша инновациялық шешімдерді ұйымдастырудың жаңа деңгейіне көшуге болады. DATA орталық «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Транстелеком» акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асты. Жоба құны – 6 млрд. теңге. Орталықтың жалпы аумағы 1.4 гектар, құрылысы 2020 жылы басталып, барлық жабдықты пайдалануға беруді қоса алғанда 10 айда іске асырылып отыр. Нысанда 45 жаңа жұмыс орны ашылған.Орталықтың негізгі қызмет түрі – тапсырыс беруші серверінің жұмысына байланыс арналарын көп деңгейлі резервтеу, үздіксіз қуаттауды қамтамасыз ету және қажетті климаттық параметрлерді ұйымдастыру арқылы қолдау көрсету мақсатында клиенттік серверлерді «Транстелеком» АҚ арнайы алаңдарына орналастыру.

Айта кетейік, Деректерді өңдеу орталығының Қызылорда облысынан бөлек, көршілес Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына да техникалық қызмет көрсету мүмкіндігі бар.
27 тамыз 2021 ж. 178 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области