Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Индира Ермаханова: Вакцинадан кейін жүктілікті жоспарлауға болады

Индира Ермаханова: Вакцинадан кейін жүктілікті жоспарлауға болады

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі уақытта әлемнің дамыған елдерінің көпшілігі вакцинациядан кейін ғана жүктілікті жоспарлау керек деп санайды. Бұл жағдайда тек әйелі ғана емес ерінің де вакцина алғаны абзал. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында №6 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Индира Ермаханова мәлімдеп, вакцинаның жүктілікке әсерін түсіндіріп берді.

Айтуынша облыста коронавирус пен пневмонияға шалдыққан жүкті әйелдер саны көбеюде. Індеттің салдарынан мерзімінен бұрын босану және түсік тастау жағдайлары тіркелген. Акушер-гинеколог аурудың өршуін нәзік жандарда жүктілік кезіндегі иммуносупрессия және басқа физиологиялық өзгерістердің болуымен байланыстарады. Өзгеріс салдарынан тыныс алу және ауыр пневмонияға жоғары сезімталдық туындап, өкпені жасанды желдетуге мәжбүр етеді

«Пандемияның басында жүкті әйелдердің көпшілігі ауруды жеңіл түрде өткізген болатын. Алайда «Дельта» штамының пайда болуымен жағдай күрт өзгерді. Қазір жүкті әйелдердің көпшілігі ауруханаларда КВИ-мен емделуде. Жағдайлары асқынып барады. Егер аяғы ауыр әйел коронавирус жұқтырып алса, оқшалану керек және ауруды растау немесе теріске шығару мақсатында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет»,- деді Индира Елдесқызы.

Сонымен қатар дәрігер қазақтандық репродуктологтардың тәжірибесінде коронавирус ер адамдарда сперматогенезге кері әсер етіп, шәуіт жасушаларын азайтып, сапасын төмендететіндігі және бұл жағдайдың 3 айға дейін созылатындығы анықталғандығын атап өтті. Сондықтан жүктілікті жоспарламас бұрын ер адамдардың вакцина алғаны дұрыс деген пікірде. Сондай-ақ акушер-гинеколог ковидтің белгілері байқалса тез арада дәрігерге тексерілу керектігін, өз бетінше емделудің кесірінен ауру асқынып, ауыр жағдайға әкелуі мүмкін екенін жеткізді.
03 қыркүйек 2021 ж. 147 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области