Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова: 92 автобус Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы алынды

Гүлшара Әбдіқалықова: 92 автобус Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы алынды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕБРР) Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озханмен кездесті.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, қала әкімі Ғанибек Қазантаев және жауапты салалық басқарма басшылары қатысты. Басқосуда екі тараптың іскерлік байланысын одан әрі дамыту мәселесі сөз болды.
Аймақ басшысы алдымен Хусейн Озханды жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қызылорда облысының Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда бастамашыл өңірлердің қатарында екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда сіздермен бірлескен 4 жобаны жүзеге асырдық. Олар жылу, су, электрмен қамту және автобус паркін құру бойынша жобалар. Облыс орталығын жылумен қамтамасыз ету бойынша 6,3 шақырым жылу желісі жүргізілді. Су жүйесін жаңарту бойынша қалада арнайы техника мен жылжымалы зертхана сатып алынды. Электрмен қамтамасыз ету бойынша Қызылорда және Шиелі ауданында электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станция жаңартылды. Электр қуатын тіркеудің автоматтандырылған жүйесіне қосылды. Бұл 3 жоба бойынша жауапты коммуналдық мекемелер Банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауда. Ал, Қызылорда қаласында автобус паркін құру жобасы бойынша бірлесе атқаратын жұмыстар бар. Жоба аясында 112 автобус сатып алынды, оның ішінде, 92 көлік Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы алынды», – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, облыс әкімдігімен жыл сайын бұл салаға субсидия бөлініп, жол ақысы 90 теңгені құрады. Электронды билет жүйесі енгізілді.
Кездесуде өңір басшысы Банк тарапынан берілген несие көлемін қайта қарап, уақытын созуды ұсынды. Бұдан бөлек екі тараптың келсуімен Қызылорда-Жезқазған тас жолын қайта жөндеу жұмысы қолға алынды. 208 шақырымды құрайтын жол пайдалануға берілсе, жолаушылар мен жүк тасымалы көлемін стратегиялық бағыт бойынша ұлғайтуға септігін тигізеді.
Хусейн Озхан өз кезегінде аталған жұмыстардың уақытылы орындалуына мүдделі екенін және екі жақты серіктестіктің одан әрі дамитынына сенім білдірді.
Жиын соңында облыс әкімі өңірге келген делегатқа алғысын білдіріп, облыстың инфрақұрылымын дамытуда бірлескен жобалар қатарын көбейту керектігін тілге тиек етті.
05 қазан 2021 ж. 154 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области