Депрессия қартайғанда деменция ауруына шалдықтырады
Kyzylorda-news.kz. Жас кезінде депрессияға жиі ұшырайтын адам қартайған кезде ақыл-ой қабілетінен айырылып, деменцияға шалдығуы мүмкін.
Мұндай мәлімдемені Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары жасады.
Мамандар 20-89 аралығындағы әр түрлі жастағы 15 мың адамның қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізді. Барлығы үш топ болды: 20-49 жас аралығындағы жастар, орташа жас – 50-69 жас және қарт адамдар – 70-89 жас. Ғалымдар сонымен қатар зерттелетін адамдардың жынысын, нәсілін, білім деңгейін, дене салмағының индексін, қант диабетіне бейімділігін және жаман әдеттердің болуын ескерді.
Сарапшылар сауалнамалар жүргізіп, депрессияның белгілерін бағалады: жастардың 13%, орта жастағы адамдардың 26% және қарттардың 34% психикалық бұзылыстың орташа немесе күшті белгілері анықталған.
Зерттеу көрсеткендей, деменцияның даму қаупі 50 жастан 69 жасқа дейін жас кезінде депрессиядан зардап шеккен қатысушыларда 73% жоғары болған. Депрессияға жиі ұшырамаған қатысушыларда деменция қаупі 43% құраған.