Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 11 қазанға арналған ауа райы болжамы

11 қазанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Антициклон әлі де республиканың батыс жартысына ықпал ете береді, сондықтан мұнда жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның шығыс аумағында циклон және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында – жел күшейеді, оңтүстік-батысында – шаңды дауыл соғып, тұман түседі, солтүстігінде – көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, о ңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының шығыс жартысында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде – облыстың батысында, күндіз – шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел қарқыны – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысында тұман болады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.
11 қазан 2021 ж. 88 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области