Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Ғылыми орталық ғалымдары 300-ге жуық ғылыми еңбек жариялады

Қызылорда: Ғылыми орталық ғалымдары 300-ге жуық ғылыми еңбек жариялады

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздік жылдарынан бері Сыр өңіріндегі археологиялық ізденістерді жүргізу Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тұрақты бағыты ретінде қалыптасты. Биыл «Археология және этнология» мамандығының ашылғанына 25 жыл, орталықтың құрылғанына 10 жыл толды. Осы орайда, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қош келдің, археолог!» атты кездесу кеші өтті.
«Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының негізгі мақсаты – Қызылорда облысы территориясындағы тарихи-мәдени мұраны зерттеу және қорғау, археология және этнография салалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және тарихи құндылықтарды насихаттау. Сондай-ақ, университеттің тарихшы, археолог және этнограф ғалымдары тәжірибе алмасатын, археология ғылымдарының жетістіктері мен даму жолдарын айқындайтын орталығына айналды», – деді «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доцент Айтжан Оразбақов.
Бүгінге дейін ғылыми зерттеу орталығы 3 халықаралық жоба, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 4 гранттық жобасын, 12 облыстық жобаны орындады. Атап айтсақ, «Wenner-Gren» антропологиялық қорының гранты шеңберінде 2011 жылы Жанкент қала жұртында археологиялық қазба жұмыстары жасалды. 2018-2020 жылдар аралығында Ұлы Жібек жолының солтүстік аймағындағы көшпенділер мемлекетінің қалыптасуы және урбанизациялануы, Ерте орта ғасырдағы Жанкент қаласы туралы халықаралық жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерттеулерінің тарихы кітап-альбом түрінде жарыққа шықты.
Орталық облыс көлемінде орналасқан жүздеген ескерткіштің паспортын, тарихи-мәдени сараптамаларын жасау мен қорғау аймағын анықтау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Қазіргі таңда 10-нан аса монография, 300-ге жуық ғылыми еңбектер жариялады.
Археологиялық заттарды сипаттап, өңдеп қалпына келтіретін зертханасы және жәдігерлерді қоятын көрме залы бар.
«Орталықтың құрылған күнінен бастап ғылыми жетекшілік жасаған белгілі археологтар Ж.Құрманқұлов пен И.А.Аржанцеваның еңбектері зор. Сонымен қатар, халықаралық жобаларды орындауда Тюбинген университетінің профессоры Г.Харкенің орны ерекше», – деді Айтжан Оразбақов.
Қазақ тарихының тереңдігі мен көп қырлылығының куәсі болып табылатын археологиялық ескерткіштерге деген қамқорлық пен жауаптылық, жан-жақты табанды зерттеулер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құнды қызметінің бірі болып қала бермек.
12 қазан 2021 ж. 166 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области