Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нобель айналасындағы даулы оқиғалар

Нобель айналасындағы даулы оқиғалар

Kyzylorda-news.kz. Нобель сыйлығы алғаш рет 1901 жылы берілді, содан бері әлемдегі ең беделді марапаттардың біріне айналды. Бірақ жанжалдар мен даулы оқиғалар бұл сыйлықты да айналып өтпеді. Оның тарихында күмәнді жеңімпаздар мен саясаттың тигізген әсері болды.
Марапаттаушы

1888 жылы француз газетінде Альфред Нобельдің өліміне байланысты «Өлім саудагері қайтыс болды» деп аталатын некролог жарияланды. Бұл қайғылы хабар орынсыз жарияланды. Өйткені Канндағы ауруханалардың бірінде Альфредтің туған ағасы Людвиг Нобель дүниеден озған еді. Динамит өнертапқышы осы некрологты оқығаннан кейін ұрпақ жадында өмір бойы «Өлім саудагері» ретінде қалғысы келмеді және дүние жүзінде ғылымда жетістіктерге жеткендерді ынталандыратын арнайы қорға өз мүлкін өсиет етті.

Толстойдың Нобель алмауы оқырмандар мен қаламгерлердің наразылығын тудырған

1901 жылы әдебиет саласындағы алғашқы Нобель сыйлығын француз ақыны Арман Сюлли-Прюдом алды. Бұл әлемде шығармалары ең көп оқылатын жазушы Лев Николаевич Толстойдың атағы дүрілдеп, өнімді еңбек етіп жүрген уақытта болған еді.

Кейбір деректер орыс жазушысының бұл сыйлықты 1901 жылы алуға үмітті болғанын, ал 1906 жылы тағы ұсынылғанда үзілді-кесілді бас тартқанын айтады.

Мәжбүрлі түрде бас тартқан ақын Пастернак

1955 жылы орыс ақыны Борис Пастернак “Доктор Живаго” романын жазып бітіреді. Кеңес цензурасынан алғаш өткен шығарма баспаға әзір болады, бірақ кейіннен бұл туындыны Совет идеясына қарсы шығарма деп басылуға тыйым салады. Осы уақытта «Доктор Живаго» қолжазба түрінде Еуропаға өтіп кетеді. Алғаш рет 1958 жылы италян тілінде шығады. Сол жылы-ақ Нобель сыйлығына ие болады. Бірақ, Пастернак бұл сыйлықты барып ала алмайды. Оны сыйлықтан үкімет адамдары мәжбүрлі түрде бас тартқызады. Ақынды отанын сатқан опасыз деп айыптайды. Қудалауға ұшыраған Пастернактың өмірі аш-жалаңаш күйінде қайғылы аяқталады.

Гендерлік теңсіздік

Марапаттау рәсімінің тарихында жеңімпаздардың тек 5 пайызы әйелдер болды. Ең үлкен жанжал британиялық астрофизик Джоселин Белл Бернеллге қатысты болды. Ол 1967 жылы ғарыштық сәулелердің көзін анықтап, Энтони Хьюмен бірге мақаланың авторы болды. Алайда, 1974 жылы Нобель сыйлығын Энтони Хью мен оның басқа әріптестері алды, ал өнертапқыш әйелдің аты-жөні де айтылмады.

Қарама-қайшылық тудырған марапат

Бұл бағыт марапаттау тарихындағы ең даулы бағыттардың бірі болып және жеңімпазды таңдаудағы қателіктің жарқын мысалы.

Ясир Арафат 1994 жылы Исаак Робин мен Шимон Переспен Палестина-Израиль қақтығысын реттеу туралы келісім бойынша жұмыс істегені үшін сыйлыққа ие болды. Даудың себебі Ясир Арафат халықаралық терроризмнің көрінісі деп саналатын «Палестинаны азат ету» ұйымының басшысы еді.

Сәтсіз әзіл

1939 жылы Адольф Гитлер Нобель сыйлығына ұсынылды. Осыдан соң Нобель комитеті көпшіліктің наразылығына ұшырады. Кейіннен оның кандидатурасы қайтарылып алынды және Гитлердің кандидатурасы «сәтсіз әзіл» деп жарияланды.

Менің бас тартуға құқығым бар

Нобель сыйлығын алу өте беделді және маңызды болғанымен, бұл атақтан бас тартқандар болды. Мысалы, француз философы Жан-Поль-Сартр ешқашан, ешқандай жағдайда да ресми сыйлық алған емес. Ол 1964 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығынан бас тартты.

1974 жылы Вьетнамда бейбітшілік орнатуға еңбек сіңірген саясаткер Ле Дик Тхо бұл елде бейбітшілік орнауға әлі көп уақыт бар екенін айтып, сыйлықтан бас тартты.

Мүдделер қақтығысы

2008 жылы папиллома вирусының қатерлі ісікпен байланысы бар екенін анықтаған Харальд Цур Хаузенге сыйлықтың табысталуына байланысты көптеген даулар болды. Вакцина шығарушы AstraZeneca Нобель сыйлығының сайтына демеуші болып шықты. Сонымен қатар, осы ғалымның кандидатурасына дауыс бергендердің екеуі де бұл компаниямен байланысы бар екен. Кейінгі тексерулерде заң бұзушылықтар анықталмады. Бірақ марапаттау рәсімі сынға ұшырады.

***

Жыл сайынғы Нобель сыйлығын тапсыру рәсімі Стокгольмде өтеді. Бейбітшілік сыйлығын қоспағанда, барлық марапатты Швеция королі ұсынады және марапаттау рәсімінен кейін жеңімпаздар мен олардың қонақтары арнайы банкетке шақырылады. 1901 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан банкет мәзірі ешқашан қайталанбаған, бүкіл процесс әр секундына дейін есептелген және оның уақыты бұзылған емес.

Биыл пандемияға байланысты сыйлықтың марапаттау рәсімі екінші рет өтпеді.

4 қазанда Медицина саласындағы беделді марапат Калифорния университетінің профессоры Дэвид Джлиус пен АҚШ -тағы Scrips зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ардем Патапутянға берілді.

5 қазанда Джорджио Паризи, Клаус Хассельман және Сюкуро Манабе 2021 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.

6 қазанда Бенджамин Лист пен Дэвид Макмиллан химия бойынша асимметриялық органокатализаторды дамытқаны үшін 2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.

7 қазанда Ұлыбритания жазушысы, тегі танзаниялық Абдулразак Гурна әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

8 қазанда Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығы Ресейдің «Новая газетасының» бас редакторы Дмитрий Мұратов пен филиппиндік зерттеуші журналист Мария Рессаға сөз бостандығын, демократия мен мөлдір әлемнің негізін қорғауға күш салғаны үшін берілді.

11 қазанда экономика саласындағы Альфред Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар Дэвид Кардқа «еңбек экономикасына эмпирикалық үлес қосқаны үшін», Джошуа Ангрист пен Гвидо Имбенске «себеп-салдарлық қатынастарды талдаудағы әдістемелік үлесі үшін» берілді.

Massaget.kz
16 қазан 2021 ж. 56 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области