Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Менеджерге» сенген қызылордалық автокөліктерінен айырылып қалды

«Менеджерге» сенген қызылордалық автокөліктерінен айырылып қалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында алаяқ «Тойота» орталығында менеджер болып жұмыс істейтінін айтып тұрғындардың сенімге кірген. Орталық арқылы автокөліктерін сатып беруге уәде етіп,  «Tоyota Higlander» және «Tоyota camry 70» үлгісіндегі автокөліктерді иемденіп алған. Осылайша алаяқ  қала тұрғынын алдап жүріп, автокөлігін сатып жіберген.

Қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын біліп, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жүгінген. Жәбірленушіге 27 миллион 600 мың теңге соммасында шығын келді.

«Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтың бұрын соңды алаяқтық іспен айналысқаны дәлелденді», – делінген полиция департаменің хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының 190 бабының 4 бөлігімен (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.
27 қазан 2021 ж. 93 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области