Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Арал ауданына барды

Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Арал ауданына барды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесіп, Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды оңалту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекниязов, «Байтақ дала» қоғамдық бірлестігінің президенті Гаухарбек Сатекеев және Жапония елінен келген делегаттар атташе Томоя Ёкоэ мен «Шөп тамыры» халықаралық бағдарламасының үйлестірушісі Акира Мацумото қатысты.

Алдымен теңізді өлкенің тыныс-тіршілігін кеңінен баяндап өткен аудан басшысы экология саласындағы бастамалар мен жобаларды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын жеткізді.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық аясында біздің өңірде бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатқанына куәміз. Соның ішінде Жапония үкіметі біздің еліміздің аумағында жүзеге асырып жатқан «Шөп тамыры» бағдарламасының берері көп деп санаймын. Бұл шаралар Аралдың экологиялық жағдайын жақсартуға өз септігін тигізері сөзсіз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерге Арал ауданының экологиясын жақсарту бағытындағы бастамалар мен жобаларды іске асыруда көрсеткен қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. Сонымен қатар алдағы уақытта да өңіріміздің жағдайын оңалтуға бағыталған шараларға қолдау білдіреді деп сенемін, – деді Серік Сермағамбетов.

«Шөп тамыры» бағдарламасы – Жапония Үкіметі Дамуға Ресми Көмек шеңберінде іске асыратын бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарлама үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жергілікті органдар бастамашылық еткен жобаларға жәрдем көрсетеді. Бағдарлама шеңберінде денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және т. б. салалардағы жобалар іске асырылуда. Гранттық көмек жабдықты сатып алуға, сондай-ақ мекемелерді жабдықтауға қаражат беруге бағытталған.

Атап өту қажет, 2019 жылы ауданымызға Жапон елі тарапынан 26 млн 900 мың теңге көлемінде қолдау жасалып, оған «Барсакелмес» қорығына қарасты 2 гектар жерге сексеуіл және үйеңкі, түрлі жеміс-жидек көшеттері отырғызылған болатын. Сондай-ақ аталған қаржы аясында қорық аумағындағы крерлер тегістеліп, көгалдандыру шаралары жүргізілген аумақтар қоршалған.

Кездесуде Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада алдағы уақытта да аудан тарапынан ұсынылатын ұтымды жобалар аясында бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.
Айта кету керек, Жапония делегаттары ауданға жасаған жұмыс сапары барысында аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, балықшылар музейімен танысты.
28 қазан 2021 ж. 47 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области