Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Күміс университет»: Ақпараттық көмек көрсететін орталық ашылды

«Күміс университет»: Ақпараттық көмек көрсететін орталық ашылды

Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Омбудсмені Майра Айсина Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан ашылған қызмет көрсету орталығымен танысып, профессор-оқытушылар және білім алушылармен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтің цифрлық саладағы қызметтерін кеңінен түсіндіру жұмыстарын тапсырған болатын.

Осы ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Күміс университет» тұжырымдамасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ерікті жастары цифрлық білім беру мен ақпараттық көмек көрсету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Сонымен қатар, бүгін ашылған арнайы орталықта ерікті жастар қаламыздың егде жастағы зейнеткерлері мен қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Еріктілердің жұмыс барысымен танысқан Майра Арапқызы өзге жоғары оқу орындарына «Цифрлы Қазақстан – бәсекеге қабілетті Қазақстан!» ұранымен жолданған челленджге қатысып, еліміз бойынша осындай бастамаларға атсалысуға шақырды.

Университеттің ттуденттер сарайында өткен кездесуде Майра Арапқызы кеңінен баяндама жасап, ғалымдар мен жастар өкілдері тарапынан көптеген маңызды ұсыныстар айтылды.

28 қазан 2021 ж. 94 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области