30 қазанға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы 30 қазанның күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, елдің шығыс және оңтүстік аймақтары ғана жоғары қысым ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады.
Республиканың басым бөлігінде тұман, солтүстігінде бұрқасын, солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аудандарында жел күшейеді, солтүстік-шығыста көктайғақ болады.