Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұялы операторлар халықты қалай алдайды?

Ұялы операторлар халықты қалай алдайды?

Kyzylorda-news.kz.  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұялы операторлардың интернеттің жылдамдығын азайту арқылы ақшаны қалай үнемдейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бұрын интернет сапасына қатысты сұрақтар көтерілгенде біз шара қолдана алмадық. Өйткені ең төменгі параментрлер белгіленбеді. Мен өз бұйрығыммен осы жылдың басында ең төменгі параметрлерді белгіледім. 3G үшін 1,5 Мегабит, ал 4G үшін кемінде 5 Мегабит болуы шарт. Енді тексеріс кезінде біз осы параметрлерді негізге алып отырамыз», – деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, биыл 400-ден астам тексеру жасалды. Соның 80 процентінде интернеттің ең төменгі параметрлерін бұзу фактілері анықталды. Сол үшін ұялы байланыс операторларына айыппұл салынды. Үш-төрт айдың ішінде интернеттің сапасы көтерілмесе, айыппұлдың көлемі екі есеге артады.

«Қазіргі кезде біз депутаттармен бірге айыппұлдың көлемін 100 АЕК-тен 1 000 АЕК-ке (5 917 000 теңге) дейін өсіріп жатырмыз. Бұл дегеніміз, биыл біз 400 тексерудің нәтижесінде 92 миллион теңгенің айыппұлын салсақ, он есеге өсіргеннен кейін бір жылда 1-2 миллиард теңгенің айыппұлы салынады. Бұл – өте қомақты сома. Сондықтан операторлар интернет сапасына көңіл бөледі деген сенім бар», – деп атап өтті Мусин.
30 қазан 2021 ж. 59 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области