Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 қарашадан бастап WhatsApp қандай смартфондарда жұмысын тоқтатады?

1 қарашадан бастап WhatsApp қандай смартфондарда жұмысын тоқтатады?

Kyzylorda-news.kz. Танымал Facebook мессенджері WhatsApp көптеген ескі смартфондарда жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Metro басылымы хабарлады.

Мессенджер 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап бүкіл әлем бойынша ескі телефондарда жұмысын тоқтатады. Жалпы бұл Android операциялық жүйесі 4.1 нұсқасынан төмен және iOS 10 нұсқасынан төмен 43 смартфон үлгісіне әсер етеді.

Осылайша, мессенджер 2011 жылғы iPhone 4S, Samsung Galaxy Trend Lite, Sony Xperia Miro, Huawei Ascend G740, Alcatel One Touch Evo 7 және басқа да көптеген смартфондарда жұмысын тоқтатады.

Өзгерістер қолданбаның жұмысын бірден тоқтатады дегенді білдірмейтіні, бірақ бұдан былай жаңартуларды жүктеп алу мүмкін болмайтыны атап өтілген. Бұл ақауларға әкелуі мүмкін.

Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде көптен күткен функция – дауыстық хабарламаны мәтінге көшіру жақын арада пайда болатыны туралы хабарланған болатын.
30 қазан 2021 ж. 59 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области