Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Құқық қорғаушылар Қызылорда полиция басқармасы бастығының ұсталғанын жоққа шығарды

Құқық қорғаушылар Қызылорда полиция басқармасы бастығының ұсталғанын жоққа шығарды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының полиция департаменті Қызылорда полиция басқармасының бастығы ұсталғанын жоққа шығарды.

«Қызылорда полиция басқармасының бастығы Н.Ағаділовке қатысты жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол кезекті еңбек демалысында, бүгінгі күні оған қатысты қандай да бір процессуалдық шара қолданылған жоқ», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты кез келген жағдайды сорақылық және оған жол беруге болмайды деп санайтыны, сонымен қатар өз қатарын осындай басшылар мен қызметкерлерден түбегейлі тазарту ұстанымын қолдайтыны аталып өтті.

«Қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау жөніндегі кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді», – деп толықтырды департамент.
01 қараша 2021 ж. 104 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области