Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алдағы күндері қар жауады

Алдағы күндері қар жауады

Kyzylorda-news.kz. 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның батысында және солтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашын күтілмейді. Республиканың қалған аумағында фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Солтүстікте, шығыста және орталық, шығыс облыста қалың қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ болып, бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстанның солтүстік жартысында, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың шығысында бұрқасын күтіледі.

Күндіз Алматы облысында, Түркістан облысыда Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда, Түркістан облыстарында жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі, күндіз солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, оңтүстікте желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, шаңды дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
02 қараша 2021 ж. 93 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области