Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » https://kyzylorda-news.kz/kogam/maems-medicinalyq-qyzmetterding-sapasy-bojynsha-52-5-myng-aqaw-anyqtaldy-130378/

https://kyzylorda-news.kz/kogam/maems-medicinalyq-qyzmetterding-sapasy-bojynsha-52-5-myng-aqaw-anyqtaldy-130378/

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдың 9 ай қорытындысында қызылордалықтарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 52,5 мың ақау анықталды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Биылғы жылдың 9 айлық қорытындысында халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 52,5 мыңдай түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 1 637,9 млн теңгеден асты.

«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Қор филиалының директоры түсіндіргендей, анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Жалпы құны 51,5 млн теңге болатын 40,4 мыңнан астам осындай ақаулар тіркелді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 3 633 ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін көп бейінді стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 7 341 кемшіліктер және ауылдық стационарларда 1 082 ақаулар анықталды.

Егер сізде медициналық көмек алуға байланысты сұрақтар туындаса, сіз өз емханаңыздағы пациентті қолдау қызметіне хабарласа аласыз. Сондай-ақ Қорға келесі ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз: 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.
04 қараша 2021 ж. 93 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области