8 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күн ашық болады, тек батыста жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында желдің күшейіп, батысында және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігі мен орталығында жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында, Павлодар облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде Жамбыл облысының оңтүстік шығысы мен таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.
Алматы облысының Алакөл көлдері аумағында жел 17-22 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде, түнде Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі.