Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық полицейлердің жалақысы 90%-ке дейін өседі

Қазақстандық полицейлердің жалақысы 90%-ке дейін өседі

Kyzylorda-news.kz.  Ішкі істер министрлігі 2023 жылға дейін полицейлердің жалақысын 50-ден 90%-ке дейін өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр бүгінде полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен екенін атап өтті. Сондықтан президент тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы көтерілуде.

«2023 жылға дейін 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделген. Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант – 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», – деді Тұрғымбаев мәжілістегі ішкі істер органдарын реформалау туралы үкімет сағатында.

Сонымен қатар министр полицейлердің әскерилер сияқты баспана алуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Тұрғын үй төлемдері банк арқылы қызметкердің жеке баспанасына жұмсалады.

Айтуынша, мұндай жеңілдікпен қызметкерлердің 72%-і қамтылған.

Сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан және жарақат алған қызметкерлердің отбасысына тұрғын үй төлемі сақталады.
08 қараша 2021 ж. 103 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области