Қармақшыға 20 мың тоннадан астам көмір жеткізілді
Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы 2021-2022 жылғы жылу маусымына дайын. Қазіргі таңда ауданға 181 вагон, яғни, барлығы 20535 тонна қатты отын жеткізілді. Оның 2790 тоннасы әлеуметтік нысандарға таратылса, 17745 тоннасы тұрғындарға сатылды. Жоспардың орындалуы тұрғындар бойынша 91 пайызды құраса, әлеуметтік нысандар бойынша 93 пайызды құрап отыр дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жандос Қойшыбаев.
Бүгінде ауданның барлық әлеуметтік нысандарында күзгі-қысқы жылу беру маусымының дайындығы күнделікті бақылауға алынған. Аудан бойынша көмір бағасын тұрақтандыру мақсатында барлық қатты отын тасымалдаушы кәсіпкерлер мен аудан әкімі арасында меморандум әзірленіп, қол қойылды. Бүгінде Қармақшы ауданы бойынша қатты отын тасымалдаумен 4 кәсіпкер айналысады. Көмір бағасы Жосалы кентінде Шұбаркөл маркалы көмір – 17 мың теңгеден, Майкөбен маркалы көмір – 18 мың теңгеден, Богатырь маркалы көмір 13 мың 500-15 мың теңгеден сатылуда. Төретам кентінде Шұбаркөл маркалы көмір – 15 мың 500 теңгеден сатылуда.