Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі

Kyzylorda-news.kz. Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балаларды вакцинациялау әдетте оқу орнындағы екпе пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізіліп келді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация да жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ақпараттық келісімінен кейін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады», – деді министр.

Осы ретте Алексей Цой облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірге КВИ-ге қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін, педагогтерді ақпараттарыуы қажеттігін айтты. Бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, КВИ-ге қарсы вакцинация мәселесі бойынша халық арасында кеңінен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері санитарлық нормаларға сәйкес екпе пункттерін дайындауы, вакцинаның бірінші топтамасы жеткізілгенге дейін тоңазытқыштарды орнатуы, вакцинаны тасымалдау, сақтау және қолдану ережесін сақтауы, медицина қызметкерлерін дайындауы тиіс», – деді ол.
10 қараша 2021 ж. 83 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области