Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Kyzylorda-news.kz. Желтоқсан айында қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні, сонымен бірге 16 және 17 желтоқсан күндері қазақстандықтар еліміздің Тәуелсіздік күнін тойлайды.
Бес күндік жұмыс аптасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары 4 күн қатарынан – 16, 17, 18 және 19 желтоқсанда демалады және жұмысқа тек 20-сында шығады.
Сонымен желтоқсан айында қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады.