Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Белгілі антрополог қазақтың арғы атасының келбетін қалпына келтірді (ФОТО)

Белгілі антрополог қазақтың арғы атасының келбетін қалпына келтірді (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Белгілі антрополог Алексей Невчалода Ақтөбе облысындағы Құмсай қорымынан табылған қазақтардың бабасының келбетін жаңғыртты. Бұл арийлер немесе андроновиттер деп аталады, деп хабарлайды orda.kz.
Бір қызығы, адамның сыртқы келбеті кеңес ғалымдары ойлап тапқан технологияның арқасында жүз пайыздық дәлдікпен қайта жасалады.

Көптеген зерттеушілер оны атты алғаш қолға үйретіп, күйме ойлап тапқан өркениетпен байланыстырады. Сонымен қатар, ол Үндістаннан Германияға дейін бүкіл әлемге үнді-еуропалық сөздерді (ана, әпке, аға, т.б.) таратқан.

Көшбасшы отырған күйінде жерленген, жасы 50 шамалас. Ол шамамен бес мың жыл бұрын өмір сүрген. Бұл қорымға жүргізілген радиокөміртекті талдау арқылы дәлелденді.

Бойы екі метрге дейін жетеді. Құмсайдан шыққан «қазақтың арғы атасы» аталық тізбегі арқылы таралатын Y хромосома Q1a2b2 гаплотобына жатады. Қазір Солтүстік және Батыс Еуропада кең таралған. Ал оның ұрпақтарының біразы қазір түркі халықтарының арасында өмір сүріп жатыр.
13 қараша 2021 ж. 61 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области