Қаржыгерлердің еңбегі ерекше
Kyzylorda-news.kz. Еліміздің экономикасының дамуы мен әл-ауқатының артуында қаржыэкономика саласы қызметкерлерінің еңбегі өте зор. Себебі, бұл салада қызмет жасап жүрген барлық азаматтар ел тағдырын шешетін жоспарлау, есеп-қисапқа аса жауапкершілікпен қарау оңай шаруа емес екені белгілі. Дегенмен, сала қызметкерлері өздеріне жүктелген зор жауапкершілікті сезінеді.Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңына тұспа-тұс келген Қазақстанның қаржы-экономикасы жүйесінің құрылғанына да биыл 100 жыл толып отыр. Қаржы органдары 1920 жылғы 11 қазандағы Орынборда өткен жалпы Қазақ кеңесінің жарғылық съезінің, ондағы қаржы халық комиссариатын құру және автономиялы республика халық комиссарлар кеңесінің 1921 жылғы 20 тамыздағы қаржы халық комиссариаты туралы ережесін бекітумен басталады.
Қаржы-экономика саласының іргетасын қалап, ел экономикасын дамытуға өз үлесін қосқан белгілі тұлғалар өшпес қолтаңба қалдырды. Дегенмен, осы 100 жылдық тарихтың ішінде, кеңестік кезеңді еске алмау және оны сызып тастау мүмкін емес. Сол кездегі сала майталмандарын және басқарған тұлғаларды үлкен ілтипатпен еске аламыз.
Соғыс және оның зардабынан айығу жылдары аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметін Таңдыбаев (1939-1940 жж), Б.Мусин (1940-1941 жж), Сауырбаев (19421943 жж), Б.Қисықов (1944-1946 жж), Ә.Шахаманов (1947-1950 жж), Н.Шанкибаев (1951-1954 жж), Е.Урмағанбетов (1955 ж), Т.Есетов (1956-1957 жж) кейіннен Арал аудандық партия комиссиясы бірінші хатшы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған, Н.Мамышев (19581962 жж) атқарған.
1962 жылдан 1984 жылға дейін 22 жыл қатарынан ұзақ жылдар бойы басқарған белгілі қаржыгер, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Құлан Сахиев ағамыздың есімдерін арнайы атап өткен жөн. Одан кейінгі жылдар А.Оразымбетов (1984-1997 жж), Т.Оразбаев (1997-2001 жж), М.Көлдеев (2002-2004 жж), К.Егізбаев (2004-2006 жж), М.Көлдеев (2006-2013 жж), К.Қыздарбеков (2013-2019 жж), басқарса 2019 жылдан осы кезге дейін мен басқарып келемін.
Бір ғасырлық кезеңде аудан экономикасының бірқалыпты жұмыс істеуіне қаржыгерлер мен экономистердің қажырлы еңбек етуі арқасында қол жеткізіп отырды. Осы кезеңде қаржы саласының басшылық қызметтерінде болған А.Оразымбетов және меңгерушінің орынбасарлары болып көп жыл қызмет атқарған КСРО қаржы саласының үздіктері С.Қанатовтың, Қ.Жиенбаевтың есімдерін атап өткен жөн. Сонымен қатар, қаржы саласының майталмандары болған, бүгінде арамызда жоқ ардагерлеріміз Қ.Әбілғазиев, І.Кәриев, Ы.Ержанов, Ә.Кірбасов, М.Ерімбетов, Т.Қожаев және Ж.Құдайбергеновтің еңбегі ерекше.
Арал аудандық қаржы бөлімі сонау тарихи кезеңнен бастап, республика бойынша жылдың қорытындысымен жақсы көрсеткіштерге ие болып, әр жылдары қатарынан Социалистік жарыстың жеңімпаздары атанды. 2001 жылы Көптілеу Егізбаев, 2002 жылы Амангелді Дарібаев ағаларымыз облыстық қаржы басқармасының «Құрмет кітабына» енгізілсе, қаржы саласының ардагері Б.Жасақбаев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, бөлімнің бас маманы Ж.Қайров облыс әкімінің алғыс хатымен, сондай-ақ бөлімнің қызметкерлері А.Асанбаев, Ш.Баймұратовалар облыс әкімінің орынбасарының алғыс хатына ие болды. Бүкіл саналы өмірін ауданның қаржы саласын өркендетуге арнаған, бүгінде сол еңбегінің жемісін жеп отырған Т.Оразбаев, К.Егізбаев, А.Дарібаев, Б.Жасақбаев, М.Исаев және Қ. Сәрсееваларды зор құрметпен атап өткім келеді.
Қаржы саласының қаржыгерлер қатарынан ұшып шыққан Арал өңірінің түлектері бүгінде басқа өңірлерде лауазым иелері болып қызмет жасап жатқан қаржыгерлерді С.Қанатов, Б.Мусаев, А.Қанатов, Б.Ділмағанбетова, Ә.Махатоваларды аса зор мақтанышпен айтуға болады. Сонымен қатар, қаржы саласында тарыдай болып келіп, таудай болып өмір жолына жолдама алған, еңбек жолдарын қаржы органынан бастап, облысымыздың және ауданымыздың басқа салаларында абыроймен қызмет атқарып жүрген жас буын түлектерімізді Т.Әлсейтов, Е.Әбдіразақов, Ж.Бекжанова, А.Орынбасарова, М.Лекерова, Н.Зағатов, Ж.Жұбанов тағы басқаларды айтуға болады.
Қаржы-экономика органдарының 100 жылдығына орай, облыста 100 белгілі сала ардагерлері мен қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген 100 майталман үздіктері туралы мәлімет жинақталып, арнайы мерекелік кітап дайындалуда. Сонымен қатар осы кітапта Ұлы Отан соғысына қатысқан сала ардагерлері, облыста, министрліктерде басшылық қызмет атқарған азаматтар мен Парламент депутаттары, республикаға еңбегі сіңген тұлғалар да бар.
Аудан экономикасының дамуы мен әлауқатының артуында қаржы-экономика саласы қызметкерлерінің еңбегі аса зор. Үстіміздегі жылдың 15 қараша Ұлттық валюта – теңге күні және Қаржыгерлер мерекесі күніне орай, экономиканың қаржы секторының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен және Ұлттық валюта күнімен құттықтаймын.
Мақпалбай КӨЛДЕЕВ,
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы