Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта 15 жасар қыз жоғалып кетті

Жалағашта 15 жасар қыз жоғалып кетті

Kyzylorda-news.kz. Қараша айының 14-нен 15-не қараған түні, шамамен сағат 03:00 шамасында 15 жастағы жасөспірім Сансызбай Зухра Бауыржанқызы белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмаған.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы еріктілермен бірлесе отырып, кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеп табу мақсатында Қызылорда қаласы және аудан көлемі бойынша көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.

Оның фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ерекше белгілері: бойы 1,50-1,60 см. толық денелі, ақ құбаша, шашы қара ұзын, көзі сұр түсті.
Киген киімдері: Ұзын қызыл түсті пальто, қара түсті кросовка. Жасөспірім қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Жалағаш ауданының полиция бөлімінің кезекші бөлімшесі 8-724-31-21-1-50 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.
16 қараша 2021 ж. 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области