Мамандар құжатты үйге жеткізеді
Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Фронт-офисті үйлестіру департаменті негізгі тиімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізген. Нәтижесінде филиал III тоқсан қорытындысы бойынша республика көлемінде 2 орын иемденіп, үздік нәтиже көрсеткен.
Жыл басынан бері Каспи қосымшасы арқылы «Жекелеген көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару» бойынша 6 мың 102, Ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы – 41 мың 462 құжат рәсімделген.
Өткен жылы басталған пандемия халыққа онлайн мен жеткізіп беру қызметтерінің тиімділігін ұқтырды. Бүгінде филиалдың мамандандырылған бөлімі қызметкерлері дайын құжаттарды үйіне жеткізіп те береді. Әрине, қызмет ақылы. Бірақ сіздің уақытыңызды үнемдейтін тиімді әдіс. Жыл басынан бері мамандар құжаттарды жеткізіп беру қызметі бойынша 45 қызмет көрсетіп, қызмет алушылардың жұмысын жеңілдеткен.