Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 17 қарашада солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар Қазақстан аумағына әсер етуін жалғастыруда. Осыған байланысты бүгін елдің басым бөлігінде қар жауады. ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жаңбыр мен қар, нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атырау облысында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. Түнде еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батыс бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 мтер жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 23-28 м/с болады, кейде 30 м/с және одан да күшті болады.

Түркістан облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да күшті болады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығысында – түнде және таңертең тұман, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейедіғ күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының орталығында және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман болады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында көктайғақ болады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
17 қараша 2021 ж. 103 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области