Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елена Әбдіхалықованың әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы өз мәресіне жетті

Елена Әбдіхалықованың әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы өз мәресіне жетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында бастау алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы өз мәресіне жетті.

Екі кезеңде үш әннен орындаған конкурс талапкерлер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде елордалық Хайролда Мұратбекке бұйырды. І орынды Атыраудан келген өнерпаз Айбар Ғаниұлы. Ақтөбе облысының атынан қатысқан Нұртас Омаров ІІ орынды иемденді. ІІІ орынды қызылордалық Арайлым Маханбетжанова мен маңғыстаулық Аида Байгелова, Алматы қаласының атынан қатысқан «Saz Men» триосы өзара бөлісті.

Барлық қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Әнші-композитордың шығармашылығына арналған конкурстың қорытынды концерті 19 қараша күні сағат 17.00-де Нартай Бекежанов театрында өз көрермендерін күтеді.



19 қараша 2021 ж. 134 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области