Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің хабарлауынша, 20-21 қарашада республиканың шығыс жартысына Солтүстік-Батыс суық антициклонының әсері сақталады, ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сонымен қатар елдің батыс жартысы кезекті Атлантика циклонының әсерінде қалып, ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр.

22 қарашада Атлантика циклоны батыстан шығысқа қарай жылжып, елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты қар жауып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады, елдің солтүстік жартысында бұрқасын соғады.

Батыста ауа температурасы түнде 2 градус суық – 5 градус жылы, күндіз 0-10 жылы болады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде аяз бәсеңдеп, ауа температурасы көтеріледі – түнде минус 6-16 градустан 0-9-ға дейін, күндіз 0-ден минус 9 градусқа дейін, республиканың шығысы мен орталығында түнде минус 18-28 градустан минус 10-ға дейін, күндіз минус 5-15 градустан минус 5-тен плюс 3 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде минус 5-15 градустан минус 5 – плюс 3-ке дейін, күндіз 0-10 градустан плюс 5-15 градусқа дейін жылынады.

19 қараша 2021 ж. 137 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области