Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Куәгерлер Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты (ФОТО)

Куәгерлер Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Алматыда 28 жастағы әйел үш баласымен тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп қаза болды. Куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Марқұммен көрші тұрған ер адам оқиға туралы айтып берді.

«Мен оқиғаны көрмедім, бірақ көршілер әйел алдымен үш баланы терезеден лақтырып, кейін өзі секіргенін айтты. Мен бұл отбасымен іс жүзінде сөйлескен емеспін, олармен амандаспаймыз да. Өз алдына жүрген отбасы. 8-ші қабаттағы көршім олардың үстінен шағымданып жүретінін білетінмін», – деді ер адам.
Әйелдің тағы бір көршісі қайғылы оқиға күндізгі бірлер шамасында болғанын айтты.

«Үш пен жеті жас аралығындағы үш бала жерде жатты. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалуға тырысты, өкінішке қарай, екеуі сол жерде қаза болды. Балалар жалаңаш болды, тіпті олардың біреуінде шалбары да болмады. Мұны көргенде жүрегім ауырды. Ата-ана баласының өміріне осылай қарауы сұмдық», – дейді оқиға куәгері Назар Рефан.
Төмендегі қабатта тұратын әйел де көршісімен мүлде араласпағанын айтты.

«Оларды шынымен ешкім танымайтын. Осындай жас келіншек өмірден өткені өкінішті», – дейді ол.
22 қараша 2021 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области