Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Журналистердің құқығын қорғау регламенті жарияланды

Журналистердің құқығын қорғау регламенті жарияланды

Kyzylorda-news.kz.  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жария талқылау және барлық мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен келісу рәсімінен кейін «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғау регламентін» ресми сайтта орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы Министрліктің іс-әрекеттері көзделген.

Регламенттің негізгі мақсаты журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктерін әзірлеу болып табылады. Регламент мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық-түсіндіру сипатындағы әдістемелік құрал болып табылады.

Министрлік үшін журналистердің құқықтарын қорғау маңызды басымдық болып қала береді, сондықтан бұл мәселе әрқашан Министрліктің ерекше бақылауында болады. Журналист өз құқықтарының бұзылу фактісі анықталған жағдайда, мәселені шешуге көмек көрсету үшін Министрлікке жүгінуге құқылы. Журналистерден келіп түскен барлық өтініштерді қарау барысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің тұрақты бақылауында.

Регламентпен көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады.
24 қараша 2021 ж. 116 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области