Сенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша сенбі күні елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
27 қарашада ауқымды антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жауады. Сондай-ақ, елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте боран соғуы ықтимал.
Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу боран соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшеюі ықтимал. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының батысында, солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік–шығысында көктайғақ болуы ықтимал.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, түнде боран соғуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстік-шығысында боран соғады.
Күндіз Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.